Атырау облысында төтенше оқиғалар айтарлықтай азайған

dda20e4e1c5442e0311744f87bb48a82 Жаңалықтар

Atr.kz/16 қаңтар, 2020 жыл.  Өткен жылы облыс аумағында 330 төтенше және табиғи апат жағдайы тіркелген.

Бұл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға кем, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті  баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2018 жылы төтенше оқиғалардан 161 адам зардап шексе, өткен жылы олардың саны 99 адамға жеткен. Мамандардың айтуынша, 2019 жылы төтенше жағдайлардың салдарының барлық көрсеткіштері бойынша алдыңғы жылдарға қарағанда төмендеу байқалған. 
– Былтыр, алдыңғы жылмен салыстырғанда төтенше жағдай 86-ға, зардап шеккен адамдар 62-ге, өлім көрсеткіші 14 адамға, жалпы өрт оқиғасы 26-ға азайып отыр. Бұл көрсеткіштерге халық арасында жүргізілген түсіндірме жұмыстарының арқасында қол жеткізілді деген ойдамыз. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табатын болады, – дейді ТЖД баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз