Академияда жаңа басшы

f7a9ac29 d4e8 439a b371 5937feb3ecb4 Жаңалықтар

Атырауға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының корпоративтік және қаржылық қызмет жөніндегі вице-ректоры Еркін Дүсіпов облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевпен кездесті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

– Академия ректорының бұйрығымен Еркебұлан Серікұлы Ғабдығапаров ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы ұжымының басшысы болып тағайындалды. Сізге Академия басшылығы үлкен сенім артып отыр. Сіз жаңа идеяларды енгізіп, осы саланы абыроймен алып жүресіз деген сенімдемін, – деген Еркін Шажаұлы жаңа басшының қызметіне сәттілік тіледі.

Еркебұлан Серікұлы Ғабдығапаров 1987 жылы Атырау облысында туған. 2009 жылы Атырау мұнай және газ институтында құрылыс, 2012 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде заңгер мамандықтарын меңгеріп,  2021 жылы «Тұран» университетінде заң ғылымдарының магистрі атанған.  Жаңа қызметке дейін Академияның Персоналды басқару орталығы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз