Атырауда қарттарға құрмет көрсетілді

img 20201001 wa0086 Жаңалықтар

atr.kz/2 қазан, 2020 жыл.   «1- қазан Халықаралық Қарттар күніне орай Атырауда қарттарға құрмет көрсетілді», – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидоллаұлы жылдағы үрдіс бойынша Атырау қаласындағы отбасылық жағдайы төмен, аз қамтылған және жалғызбасты қарттарды қуанту мақсатында әлеуметтік қолдауды қажет ететін қарт зейнеткерлердің үйлерін аралап, мерекеге орай сый-сияпат таратып шықты. 


Сонымен қатар, қашықтық пен карантиндік қауіпсіздік шараларын сақтай отырып Басқармаға қарасты №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы» терезеге телміріп, жанарлары жәутеңдеп отырған отырған қарттар бен зейнеткерлерге арнап ерекше шара ұйымдастырды.

img 20201001 wa0079


Облыстық Қарттар үйінде қарттармен кездесу барысында олармен де әңгіме-дүкен құрып, көңілдерін көтеріп, соңы Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония қызметкерлерінің концерттік шарасына ұласты.  


Орталықта күні бүгінге: 86 қызмет алушы тұрады, оның ішінде 43-ші зейнеткер, 43-ші мүгедек жандар. Ең үлкен қызмет алушының жасы -104 жаста.


Оларға 74 қызметкер 7 түрлі қызмет түрін, яғни төрт мезгіл ас мәзірін дайындап беру, жатын бөлмелерін тазалау, аптасына 1 рет моншаға шомылдыру, төсекте жатқан қызмет алушыларды күту, шаштарын алдыру, психологиялық кеңес беру, массаж, емдеу-шынықтыру жаттығуларын жасау, туған күндері аталып құттықтау, зейнетақы мәселесі және әлеуметтік төлемдер, мекемеге тіркеу, есептен шығару сияқты Әлеуметтік-медициналық, тұрмыстық, психологиялық, мәдени, құқықтық көмектер көрсетіледі.


Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидоллаұлының айтуынша, қарттар күні мерекесі қарсаңында Атырау қаласы мен барлық аудандарда іс-шаралар жоспары бекітіліп, өнегелі де ұлағатты істерімен ерекшеленген егде жастағы қарттарымызға құрмет көрсету бойынша салтанатты шаралар, онлайн кездесулер, қайрымдылық көмектер мен тұрмыстық жағдайын жақсарту шаралары, 100-ден асқан қарттарымызды ұлағаттап, «Ғасыр құрдасы» акциясы ұйымдастырылады.  


Қарттарымыз бен зейнеткерлерімізге әр сала бойынша сый-құрмет көрсететіні белгілі. Облыста 60 212  зейнеткер бар. Оның ішінде 535-і Атырау қаласы мен аудандарда үйден қызмет етіліп отырған жалғызбасты қарттар. Оларға жыл сайын мереке қарсаңында сый-сияпаттар беріліп, мерекелік шаралар ұйымдастырылып, қарияларға алуан түрлі көмектер көрсетіліп келеді.

img 20201001 wa0087

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз