Оралда Құрманғазы мен Динаның ескерткіші ашылды

20161021144418 Жаңалықтар

Бүгін Орал қаласында Құрманғазы мен Дина Нұрпейісова атындағы көшелердің қиылысындағы алаңда қос күйшіге орнатылған ескерткіш салтанатты түрде ашылды.

20161021144418

Шараға қатысқан Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, осынау еңселі ескерткіштің ашылуын тарихи оқиға деуге болады. «Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра, Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп, Қадыр ағамыздың айтқанындай, домбыра қазақтың жан-жүрегі іспеттес. Ұлан-ғайыр даладан шыққан ұлы тұлғалар аз болған жоқ. Міне, бүгін күй атасы Құрманғазы мен Динаға ескерткіш ашып отырмыз. Бұл жайдан-жай емес. Биыл күй анасы Дина Нұрпейісованың туғанына 155 жыл толды. Осыған орай зиялы қауым өкілдерімен ақылдаса келе, Дина Құрманғазының шәкірті болғандықтан, екеуіне бір композиция қоюды ұйғардық. Оның үстіне қос күйші атындағы көшелердің қиылысында орын тепкені жөн деп шешілді. Дала данышпандары Құрманғазы да, Дина да өз күйлерінде еліміздің азаттығын аңсады. Бұл еркіндікке олардың ұрпақтары жетіп отыр. Осынау ойымыздың тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында жүзеге асқаны айрықша қуаныш үстейді», – деді өңір басшысы.

20161021144444

БҚО тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мемлекеттік инспекциясының басшысы Талғат Жүсіпқалиевтің сөзіне қарағанда, ескерткіш авторы – республикаға танымал мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Мұрат Мансұров. Алматыдағы «Тәуелсіздік», Астанадағы «Қазақ елі», «Керей мен Жәнібек» сынды монументтерді салуға қатысқан, еліміздегі көптеген ескерткіштердің авторы. Алдымен республикалық конкурс жарияланып, соның нәтижесінде үздік жұмыстар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы мемлекеттік комиссияға жіберіліп, сонда Мұрат Мансұровтың жобасы озық деп танылды. Биылғы мамыр айында басталған жұмыс үш айда бітті. Астанадағы көркемөнер комбинатында құйылған ескерткіштің жалпы салмағы бес тоннадай. Оған 67 млн. теңгедей қаржы жұмсалды.

Айта кетейік, ескерткіштің ашылу рәсіміне Дина ұрпақтарының бірі Бағила Бишаева қатысты.

20161021144456

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз