Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда еріктілер 100 адамға көмек берді

Atr.kz/22 наурыз, 2020 жыл. Атырауда «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері 100 тұрғынға көмек берді.

«Атыраулықтар да #Bizbirgemiznurotan республикалық акциясына қосылып, мұқтаж жандарға көмек беруге кірісті. Қазір көмек алуға мұқтаж 1140 отбасының тізімі түзілді. Оларға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері, коронавирустың алдын алуға қажетті құралдар жеткізіледі. Көмек алатындардың қатарында тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылар, ардагерлер мен жалғызбасты қариялар бар» -деп хабарлады «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері алғашқы 100 тұрғынға көмек беріп үлгерді.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/arzan-turpaketke-қyzyғyp-infektsiyalyқ-қaupi-zhoғary-elderge-baryp-kelgen-қazaқstandyқtar-da-bar-eken/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button