Жарнама
Жаңалықтар

Аймақ басшысы Зинеден ауылының тұрғындарымен кездесті

Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Исатай ауданы Зинеден ауылдық округінe жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Жиында Серік Шәпкенов Исатай ауданында  жүріп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Зинеден ауылындағы басты мәселе — жаңа мәдениет үйі мен спорт кешенін салу.

Бұрын тұрғындармен кездескенде, бұқараның басты талабы көгілдір отын, ауыз су, электр жарығымен қамтамасыз ету еді. Қазіргі таңда бұл тізімдегі дүниелер халыққа қолжетімді болды. Ел игілігін көріп жатыр. Бүгінгі күннің басты сұрауы, халықтың ұсынысы әлеуметтік нысандар болып тұр. Зинеден ауылына жаңа мәдениет үйі мен спорт кешені қажет. Қазіргі мәдениет үйі, бұрынғы мектептің орны. Бүгінде осы екі әлеуметтік нысанның құжаттамасы шықты. 2024 жылы құрылысын бастауды жауапты мамандарға тапсырамын,-деді С. Шәпкенов.

1

Кездесуде тұрғындар ауылдағы өзекті мәселелерді айтып, ұсыныс-пікірін жеткізді. Соның ішінде ауылішілік тас жол салу, жаңа мәдениет үйі мен спорт кешенін салу, қатынап оқитын оқушыларды тасымалдау, су каналдарын салу сынды мәселелерді көтерді.

Кейін аймақ басшысы тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, мәселелерін сала мамандарымен бірге қарады. Облыс әкімі азаматтар көтерген әр мәселе өзектілігіне қарай заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.

3

Айта кетейік, Зинеден ауылында 1320 адам тұрады. Мұнда мектеп, балабақша, мәдениет үйі, дәрігерлік-акушерлік пункт сынды әлеуметтік нысандар бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button