Аязға байланысты ел аумағында 45 жол жабық тұр
Күн суытуына байланысты бірқатар облыста жол жабылды, деп хабарлайды atr.kz ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
12 желтоқсан сағат 10.00-ден бастап көктайғақ пен ауа температурасының төмендеуіне байланысты алты аймақта дизельмен жүретін жеңіл көліктер мен автобустардың қозғалысына шектеу қойылды.
Бұл тыйым алты өңірдің республикалық маңызы бар 45 жол учаскесінде енгізілген.
Ақмола облысында — 20 учаске
Барлық бағытта.
Қарағанды облысында — 2 учаске
— «Екатеринбург — Алматы» жолының 1292-1353 км, Жібек жолы — Қарағанды облысының шекарасы.
— «Екатеринбург — Алматы» жолының 1353-1426 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы — Теміртау.
Қостанай облысы — 7 учаске
— «Жезқазған-Петропавл» жолының 340-377 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы — Арқалық қаласы.
— «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының 8-232 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы — Тобыл қаласы.
— «Екатеринбург-Алматы» жолының 556-729 шақырым аралығы, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы — Тобыл қаласы.
— «Мамлютка-Қостанай» жолының 180-404 шақырым аралығы, СҚО шекарасы — Тобыл қаласы.
Маңғыстау облысында — 4 аумақта
— «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Утес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» жолының 338-705 км, Бейнеу ауылы — Жетібай ауылы.
— «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Утес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» жолының 705-786 км, Жетібай ауылы — Ақтау қаласы.
— «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркменстан шекарасы» жолының 0-58 км, Жетібай ауылы — Жаңаөзен қаласы.
— «Ақтау-Құрық» жолының 13-72 шақырым аралығы, Ақтау қаласы — Құрық ауылы.
(барлық автокөліктерге)
Павлодар облысында — бір учаске
1. «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 205-259 км, Ақмола облысы шекарасы — Шідерті ауылы.
Солтүстік Қазақстан облысында — 14 учаске
— «Екатеринбург-Алматы» жолының 729-856 км.
— «Челябі-Новосібір» жолының 465-655 шақырым аралығы.
— «Астана-Петропавл» жолының 341-473 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы — Бескөл ауылы.
— «Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы» жолының 11-72 шақырым аралығы, Ресей Федерациясы шекарасы — Петропавл қаласы.
— «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы» жолының 50-280 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы — Ресей Федерациясы шекарасы.
— «Жезқазған-Петропавл» жолының 595-946 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы — Бескөл ауылы.
— «Мамлютка-Қостанай» жолының 0-180 шақырым аралығы, Қостанай облысы шекарасы — Мамлютка қаласы.
— «Көкшетау-Рузаевка» жолының 61-196 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы — Рузаевка ауылы.
— Қарасай батыр мемориалды кешеніне апаратын жолдың 0-24 шақырымы.
— «Петерфельд-Архангель-Новокаменка» жолының 0-30 шақырым аралығы.
— «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» жолының 0-228 шақырым аралығы.
— «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» жолының 0-86 шақырым аралығы.
— «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» жолының 0-119 шақырым аралығы, Волошинка ауылы — Тимирязево ауылы.
— «Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасы» жолының 0-31 км.
Жетісу обылысында — бір учаскеде
— Үшарал-Достық автожолының 84-184 шақырым аралығы, Көктұма стансасы — Достық стансасы.
Ауа райының жақсаруына байланысты соңғы сағатта 4 учаскеде (Ақтөбе облысы — 1, Шығыс Қазақстан облысы — 3) көлік қозғалысына шектеу алынды.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 76 техника мен 110 қызметкер жұмылдырылды.
Шамамен 319 текше метр көктайғаққа қарсы материал жұмсалды.