Жарнама
Жаңалықтар

АІ дәуіріндегі жаңа мамандық

Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект күн санап дамып жатқан бүгінгі заманда геокеңістіктік деректермен жұмыс істей алатын мамандарға деген сұраныс артып келеді. Мұндай деректер жер қойнауынан бастап ғаламдық климаттық өзгерістерге дейінгі үдерістерді басқаруға мүмкіндік береді. Осы қажеттілікті ескере отырып, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті 6В06103 – «Геоақпараттық жүйелер» жаңа бакалавриат бағдарламасын іске қосты.
Геоақпараттық жүйелер – кеңістіктік деректерді жинау, өңдеу, талдау және визуализациялау үшін қолданылатын технологиялар жиынтығы. Олар мұнай-газ саласынан бастап, қала құрылысы, экология, ауыл шаруашылығы сынды түрлі салаларда кеңінен қолданылады. Университеттің бұл бағдарламасы студенттерге ГАЖ-технологияларды терең меңгеруге, геокеңістіктік деректермен жұмыс істеу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

– «Геоақпараттық жүйелер» бағдарламасы аясында студенттер картография және геодезия негіздерін, дистанциялық зондтау әдістерін, кеңістіктік деректер базасы және олардың құрылымын, бағдараламалауды (Python, SQL және т.б.) меңгереді. Нақты салада қолдануға болатын терең білім алады,- дейді Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Шынар Қоданова.
Қазақстанда цифрландыру және диджитализация деңгейі дамып келеді. Сондықтан да геоақпараттық жүйелерді жетік білетін мамандарға деген сұраныс жоғары. Жаңа білім беру бағдарламасы осы бағытта заманауи мамандар даярлауға бағытталып отыр.

Айдарбек АҚАРЫС

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button