«Х.Ерғалиға 100 жыл» ескерткіш монеталары айналысқа шықты.

20161028150728 Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік «Х.Ерғалиға 100 жыл» ескерткіш монеталарын айналысқа шығарады.

20161028150728

Хамит Ерғали – қазақ ақыны, Қазақ КСР-ның халық жазушысы. Отан соғысының 1-ші және 2-ші дәрежелі ордендерімен, екі Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, басқа да ордендермен және медальдармен наградталған.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі  хабарлағандай, монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінің оң жағында «ҚҰБ» аббревиатурасы бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған.

20161028150724-1

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Хамит Ерғалидың бейнесі, мемлекеттік тілде «ХАМИТ ЕРҒАЛИ» деген жазу, оның факсимилесі, «100 ЖЫЛ» деген жазба және соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан орналастырылған.

Монеталардың бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек. Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар нейзильбер қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 г, таралымы – 100 мың дана.

Номиналы 100 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аудару үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы  25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

Ескерткіш монеталардың алты мың данасы жақсартылған сапамен дайындалған және сату үшін арнайы пластикалық термовакуумды орауға салынған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз