Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Агротехника ауыл адамына қолжетімді ме?

Atr.kz/4 тамыз, 2020 жыл. Қандай да бір жұмысты атқарғанда оны жүзеге асыруға қажетті құрал-сайманың болмаса кәріп болып қалатының бар. «Адам емес, құрал жұмыс істейді» деген ұғым содан шықса керек. Бұл, әсіресе, асыраушы сала – ауыл шаруашылығында өте маңызды.

Барлық жұмыс арнайы техникалармен атқарылады. Ал, олардың құны егін адамы үшін әркез қолжетімді емес. Мұндайда мемлекет тарапынан құрылған арнайы құрылымдар шаруаларға көмек қолын созып келеді. Соның бірі және бірегейі – «ҚазАгроҚаржы» АҚ.  «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің құрамына енетін акционерлік қоғам ауыл шаруашылығындағы басты мәселелердің бірі – техника паркін жаңартуды  жүзеге асырады. Негізгі қызметі – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаражатына, сондай-ақ,  лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникасына және технологиялық жабдыққа деген қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы еліміздің аграрлық секторын дамытуға қолдау жасайды.

Махамбет ауданындағы 2002 жылы құрылған «Дастан» шаруа қожалығы – соңғы он үш жылдан бері «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен тығыз байланыстағы құрылымның бірі. «Дастандықтар» аталған қаржы институтының қолдауымен өздеріне қажетті ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алып, егін және мал шаруашылығын дамытуға, қажетті жемшөп дайындауға мол мүмкіндік алды. Осы уақыт ішінде өзара ынтымақты байланыстың нәтижесінде жалпы көлемі 70 млн. теңгені құрайтын техникалар мен құрал-жабдықтарды сатып алуды қамтамасыз етті. 

«ҚазАгроҚаржы» АҚ агроөнеркәсіптік кешен с у б ъ е к т і л е р і н е а у ы л шаруашылығы және арнайы техниканы, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау бойынша көлік құралдарын лизингке ұсынуда. Оның біздің қожалық үшін тиімділігі мен қолдау көмегін үнемі сезінеміз. Әсіресе, егістікте көкөніс, бау-бақша өнімдерін өсіруде жаңа технологияны енгізу, тамшылатып суару, егіс зиянкестеріне қарсы күрес және өндірілген өнімді тұтынушыларға жеткізуде сол техникалардың пайдасын көріп отырмыз. Бір ғана мысал, егістік алқапқа тамшылатып суару әдісін енгізу арқылы картоп, көкөніс және бақша дақылдарынан алынатын өнім көлемін екі есеге арттырдық. Сонымен қатар, қожалықта егілетін көкөніс дақылдарының түрлерін он бірге, ал, тамшылатып суару алқабының көлемін 120 гектарға жеткіздік. Карантин кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жұмыстар тоқсаусыз жүргізілді, — деді «Дастан» шаруа қожалығының жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері Қоныс Ерманов. 

Бүгінде аталған шаруа қожалығы – тұрақты даму үстіндегі, бәсекеге қабілетті ұжымдардың қатарында. Қойнауы құтқа толы «Тайсойған» төрінде қожалықтың төрт түлік малы жайылуда. Қазіргідей тәж тажалы алқымнан алған қиын қыстау кезеңде «Дастан» шаруа қожалығының табиғи таза егіс және мал өнімдері халыққа қолжетімді бағамен өздерінің сауда нүктелері арқылы сатылуда. Қожалық диқандарының тіл үйірер тәтті қарбызы мен қауынына, басқа да көкөніс өнімдеріне тұтынушылар сұранысы жоғары болып тұр. Сыйымдылығы мың тонналық көкөніс қоймасында сақталған картоп, пияз, сәбіз, көкорам мен қызылша қыс айларында халық дастарханына ұсынылады.

Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнесті қолдауды тапсырды. Осыған орай биыл сәуірден бастап «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді қолдау мақсатында техника мен көлік құралдарын қаржыландырудың «Қазақстанда жасалған» атты арнайы жеңілдетілген бағдарламаны іске қосты. Ендеше, аймақтағы өзге де шаруа қожалықтары аталған бағдарламаның шапағатын көруге мүмкіндік алады деген ойдамыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button