Орталықта – жаңа басшы

img 20200730 wa0027 Білім

Atr.kz/4 тамыз, 2020 жыл. Атырау облыстық Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының жаңа басшысы тағайындалды.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова облыстық білім беру басқармасының әдістемелік орталығы ұжымын жаңа басшы­сымен таныстырды. Әдістемелік орталықтың директоры болып Баймашова Данагүл Қонысқызы тағайындалды, деп хабарлады Атырау облыстық коммуникация­лар қызметі.

Данагүл Баймашова 1970 жылы дүниеге келген. 1993 жылы Гурьев педагогика институтын қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бой­ынша тәмамдаған. «Педагогика ғ ы л ы м д а р ы н ы ң м а г и с т р і » дәрежесі бар.

Еңбек жолын 1993 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқытушылық қызметтен бастаған. Кейін университет тәжірибесі жетекшісі, құзыреттілік және ман­сапты жоспарлау орталығының директоры, бөлім басшысы сияқты түрлі жауапты қызметтерді атқарған.

«Atr-Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз