«Ашық» енді жабық па?

6076d5c965b56668485550 Жаңалықтар

Еліміздің «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлерде бірқатар шектеу алынып тасталады.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешім қабылдады:

Бірінші. Эпидемиологиялық тәуекелдің «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде:

— «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану;
— әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар;
— міндетті термометрия.

Екінші. Эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймақтарында ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию.

Үшінші. COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері).

Төртінші. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу.

Кеңес соңында Е.Тоғжанов әкімдіктерге азаматтарды иммундау мен ревакцинациялау қарқынын күшейтуді тапсырды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз