Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Адал жүрек»…

Atr.kz/11 қараша, 2019 жыл. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен  «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесі осындай атаумен Н.Тлендиев атындағы Кіші өнер академиясында  6 жасар Исламғали Хамиттің емделуіне қаражат жинау мақсатында қайырымдылық концертін ұйымдастырды.

Білім ордасына жиналған көпшілікке алдымен  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің алдын-алу және парасаттылық басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов және   «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі  Альфия Әдиева шығып, қайырымдылық ісіне ат салысқан жандарға өз ризашылықтарын білдірді. Дертіне дауа іздеген бүлдіршіннің келер күндері жарқын болуын тіледі.

Концерт барысында көрермендер  Алматыдан арнайы келген әнші Қанайдың, «Қазына», «Шырайлым» ән-би ансамбльдерінің, «Томирс-денс» би тобының,  жергілікті Айдын, Құттай, Даниял, Сұлтан, Бекзат, Дана Зулханова, Тілеген Ермұрат сынды әншілердің және «Қызылқоға» жайдарманшылар тобының өнерлерін тамашалады.

Шара соңында қайырымдылық концертінен түскен қаражат кішкентай Исламғалидің ата-анасына табысталды. Кортикальды инфаркт ауруына шалдыққан науқас жуырда шет елге ем қабылдауға барады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша,  аталмыш шараның кіру билеттерін сатып алуда Атырау медицина колледжі, Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі,  № 31 орта мектеп , «Күзет-Атырау»  мекемесінің ұжымдары атсалысқан. Осыған қоса, «Халықаралық дүние руханият» қоғамдық қорының директоры Айнамкөз Ысқақова жуырда қор есебінен Исламғалиға қомақты қаржы аударатындығын мәлімдеді.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

73404080 184691455989535 1945798022503858176 n

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button