Атыраудан қажылыққа қанша адам аттанады?

IMG 7654 Жаңалықтар

Қажылық сапарға Атырау облысынан 14 адам аттанады. Қасиетті сапарға бекінгендер үшін облыстың бас имамы Батыржан Мансұров бастаған топ шығарып салу рәсімін ұйымдастырды.

IMG_7654

«Иманғали» орталық мешітінде өткен басқосуда қажылық сапардың мәні, маңызы туралы айтылды. «Шариғат талаптары бойынша, кәмелет жасына толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулық жағдайы жақсы, өзгеге қарызы жоқ дәулеті жетерлік мұсылман ғана қажылық парызын өтей алады. Ислам дініндегі ұлық ғибадат­ – Алланың қалауымен нәсіп болатын нығмет» деген Батыржан қажы Берденұлы қажылық ғибадатының дұрыс орындалу шарттары туралы баяндады.

IMG_7676

Сондай ақ, облыстың бас имамы қажылық төңірегінде экономикалық және елдер арасындағы дипломатиялық қатынас мәселесі де барын, ал, мүдделі топтардың бұл сапарды идеологиялық құрал ретінде де пайдалануға тырысатындарын айтып, қажыларды топтан ажырап, жалғыз қалып қоймауға шақырды.

IMG_7599

Айта кетелік, 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі қажылық сапарға аттанушылар үшін арнайы семинар ұйымдастырды. Бірнеше күнге созылған семинар барысында, қажылықтың мән-маңызы, сапар кезінде орындалатын рәсімдер, Ихрам халіндегі жағдай, әр мұсылман ұстануы тиіс шарттар мен тыйымдар туралы кеңінен түсінік берілді. Сапарға бекінгендер тұңғыш рет мүфтият жанынан құрылған «Тауаф» қажылық фирмасы арқылы Меккеге аттанғалы отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Қосымша суреттер:

IMG_7630

IMG_7680

IMG_7715

IMG_7743

IMG_7806

IMG_7899

IMG_7876

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз