
600-ге жуық блогер 53,3 млрд. теңге кірісін төмендеткен
Мемлекеттік кірістер комитеті еліміздегі 600-ге жуық блогердің 53,3 млрд. теңге көлемінде кірістерін төмендеткенін мәлімдеді. Блогерлерге қатысты камералдық бақылау хабарламалары жіберілді, олардың ішінде түрлі курс сатып, ұтыс ойындарын өткізген инфлюенсерлер де бар. Оларға салық есебін ұсыну үшін 30 жұмыс күні беріледі. Ал келіспеген блогерлер түсіндірмелерін комитетке жолдауы қажет.
–Түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді салық декларацияларының мәліметтерімен салыстыру барысында 594 блогерден 53,3 млрд. теңгеге сәйкессіздіктер анықталды. Осыған байланысты, 2025 жылдың 13-14 ақпанында «кірістерді төмендету» бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілді, — делінген аталған комитеттің хабарламасында.
Бек АЙДАРӘЛИ
Сурет: freepik.com