Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Рухани Жаңғыру» кеңсесі таныстырылды

Prezentatsiya Malogo proektnogo ofisa Ruhani ZHangyiru pri NISH HBN g 21 Жаңалықтар

«Ұлы даланың ұлттық дəстүрлері» атты форум барысында 15 наурыз күні Назарбаев Зияткерлік мектебінің жанында «Рухани Жаңғыру» кіші жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылды, деп хабарлайды Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.

Презентация Малого проектного офиса Рухани Жангыру при НИШ ХБН г (104)

Шараға форум меймандары мен Исатай ауданының Х.Нәубетов атындағы мектебінің оқушылары, білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Презентация Малого проектного офиса Рухани Жангыру при НИШ ХБН г (21)

Атырау өңірлік «Рухани Жаңғыру» кеңсесімен бірлесіп жүзеге асатын бұл бастама облыстағы жалпы білім беретін мекемелер үшін оқытудың озық үлгілерін енгізуді, педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды көздейді. «Рухани Жаңғыру» кіші жобалық кеңсесінде «Әлемді өзгертетін идеялар», «Туған елге тағзым», «100 кітап», экологиялық және экономикалық жобалардың нәтижелері қарастырылды.

Сонымен қатар, мектеп кітапханасында заманауи кітапхана жұмысын ұйымдастыруға бағытталған ашық тәжірибелік семинар өткізілді.

 

Назым ӘЛІПМҰРАТОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз