ЖаңалықтарЭкономика
48 ЖАС ЖАЛДАМАЛЫ ҮЙМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жалдамалы тұрғын үймен қамтылған 48 жас жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй қоры есебінен баспаналы болды.
Қазіргі таңда «Отбасы банк» АҚ-ның қолданыстағы «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары аясында тұрғын үй кезегіне тіркелген барлық санаттағы, оның ішінде 29 жасқа дейінгі жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары белсенді жүруде.
Мәселен, былтыр «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 37, ал «Шаңырақ» бағдарламасы шеңберінде 73 жас тұрғын үймен қамтамасыз етілді.