Ескі үйдің екінші тынысы ашылды

img 20240415 wa0123 Жаңалықтар

Атырау облысы Индер ауданының орталығы – Индербор кентіндегі ескі үйлерді жаңғырту жұмыстары осыдан үш жыл бұрын қолға алынған болатын. Сәтті басталған іс бүгінде жүйелі жалғасуда.


Осылайша, алдыңғы екі жылда орталық көшелердегі екі қабатты 17 үйдің барлығы
күрделі жөндеуден өткізілген. Былтырдан бері қалғандарының іргетасы, қасбеті мен төбешатырын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және тұрғын үй
инспекциясы бөлімінің басшысы Шапағат Ғаббасовтың сөзінше, алда атқарылатын
жұмыстардың жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға облыстық бюджеттен 125 млн. теңге көлемінде қаражат бөлу қарастырылған.

-Бұдан бөлек, өңірде баспанаға мұқтаждық мәселесін оңтайлы шешу
мақсатында жергілікті бюджет есебінен 35 пәтерді сатып алу жоспарланды. Сонымен қатар аудан орталығындағы апатты жағдайда деп танылған 70 үйдің тұрғындарын жайлы қонысқа орналастыру да осы жылдың жоспарына енгізіліп отыр, – дейді салалық бөлім басшысы.


Дәулетқали АРУЕВ
Индер ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз