Махамбет ауданында биыл жұмыссыздық деңгейі 4,5 % -ды құрады

20190212165534 Жаңалықтар

Бұл туралы Махаматбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл 11 айдың қорытындысымен Махамбет ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 1633 адам хабарласқан. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқандар саны 1498. Оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқаны 753. Жұмыспен қамту орталығында ресми тіркеуде тұрғандар саны 741 адам. Жалпы аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,5 % құрап отыр.

Ауданда бос жұмыс орындарына 4 рет жәрмеңке өткізілсе, оған 247 жұмыссыз азамат қатысқан. Бұл ретте 19 жұмыс беруші мекеме 55 адамды жұмысқа қабылдаған.

– Жыл басынан 1556 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланса, 1821 жұмыс орны құрылып, орындалысы 117 пайызды құрап отыр. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 1199 адам, уақытша жұмысқа 622 адам орналасты. «2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба шеңберінде 582 адам жұмыспен қамтылды.

Бұдан бөлек қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 33 жұмыссыз азамат жолданып, олардың 20-сы оқуын аяқтап, 9-ы тұрақты жұмысқа орналасты. «Бастау бизнес» жобасына 130 жұмыссыз азамат оқытылып, 30 адамға 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жаңа бизнес идеяларын іске асыруға 36,7 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді. Биыл 1-ші қарашаға дейін Теңіз кен орнынан жұмыстан босатылғандар саны 291 адам болса, оның ішінде 253-і жұмыспен қамту орталығына хабарласып, 116-сы тұрақты жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда «ТеңізШевройл» ЖШС-мен босатылған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде,- деді Қ.Нұрлыбаев.

Айта кетейік, ауданда биылдан бастап Ұлттық жобалар шеңберінде 6 жоба іске асырылып, 64 азамат жұмысқа орналасқан.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз