42500 теңге: әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды
Atr.kz/6 сәуір, 2020 жыл. Бұл туралы Atr.kz -ге Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.
Ол үшін Telegram мессенджерін жүктеп алып, https://t.me/Help42500Bot сілтемесіне өтіп, «Start» батырмасын басу қажет.
📍Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат үшін:
1️⃣ «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу;
2️⃣ Өзінің ЖСН енгізу;
3️⃣ Электронды пошта адресін енгізу;
4️⃣ Телефон нөмірін енгізу;
5️⃣ Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);
6️⃣ Өтінішті растау;
7️⃣ Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
✔️ сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
✔️сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
✔️ сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.
📍Қызметкер үшін:
1️⃣ «Қызметкер» батырмасын басу;
2️⃣ Өзінің ЖСН енгізу;
3️⃣ Жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;
4️⃣ Электронды пошта адресін енгізу;
5️⃣ Телефон нөмірін енгізу;
6️⃣ Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);
7️⃣Өтінішті растау;
8️⃣ Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
✔️сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
✔️сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
✔️сіздің өтініміңіздің өңделгені туралы жауап.