Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

373 атыраулық тұрғын «Isker-Ana» жобасы бойынша оқуға өтініш білдірді

Atr.kz/19 наурыз, 2019 жыл. Атырауда «Isker-Ana» жобасы бойынша 24 әйел оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың бастамасымен құрылған «Isker — Ana» әлеуметтік-білім беру жобасы қысқа мерзім ішінде көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардағы әйелдер арасында белсенді сұранысқа ие болды. Жобаның басталған сәтінен бастап 373 әйел қатысуға өтінім берді, қазіргі таңда олардың 100-і сегіз бағыт бойынша оқып жатыр, 24-і оқуын аяқтап, сертификаттарын алды.

53586704 652551908512812 2437242057551511552 o

— Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов әйелдерге арнайы курстардың аяқталуы туралы сертификаттар табыстады. Наурыздың басынан бері әйелдер «Маникюр» және «Визаж» бағыттары бойынша оқуын аяқтап, жақын арада алынған мамандықтары бойынша жұмысқа кіріседі, — деді Азаматтық орталықтың директоры Әйгерім Досқалиева.

«Isker – Ana » жобасы 12 бағыт бойынша оқытуды жүзеге асырады. Сондай-ақ, курс барысында топтық психологиялық тренингтер өткізіледі, қатысушылар әлеуметтік желілерде жұмыс істеу, мақсатты жарнама орнату, онлайн-сауданы жүргізу машықтарын игереді, сондай-ақ бизнесті жүргізу негіздерін үйренетін болады.

54409185 652551915179478 8128895287570726912 o

ҚР вице-министрі Гүлшара Әбдіқалықова бастаған үкіметтік комиссияның жұмыс сапары барысында, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев оқытуда жақсы нәтижелерге жеткен әйелдерге көмек көрсетілетінін айтты.

— Біз қысқа мерзімді курс бітірушілерінің бизнес жобаларын қарастырамыз және мүмкіндігінше бизнесті дамыту үшін қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға көмектесеміз — тігін немесе тоқыма машинасын, массаж үстелін, пеш және тағы басқаларын, — деді аймақ басшысы.

«Isker – Ana» қоғамдық-білім беру жобасына қатысу үшін Азаматтық орталыққа, Махамбет көшесі, 88 мекен-жайы бойынша немесе 87786639263 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button