![Елбасымыз бәрімізге тыныш күн мен тату ғұмырды тарту етті 1 IMG 20190325 WA0218](https://atr.kz/wp-content/uploads/2019/03/IMG-20190325-WA0218.jpg)
Елбасымыз бәрімізге тыныш күн мен тату ғұмырды тарту етті
Atr.kz/ 25 наурыз, 2019 жыл. Бүгінгі “Елордамыз – Нұр-Сұлтан” шарасына қатысқан «Жас Отан» жастар қанаты ұйымының белсенді мүшесі Әділжан Хамзин ортақ мүддеге ұйысуға шақырды.
– Қайырлы күн, егемен елдің еңсесін түсірмеген, ұл-қызы жұлдыз, топырағы нәрлі, өзегі әнді айшықты мекен тұрғындары! Атадан балаға мирас болып, әлімсақтан жалғасқан тәуелсіздікті ата-бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғады. Елбасымыз бәрімізге тыныш күн мен тату ғұмырды тарту етті.
![Елбасымыз бәрімізге тыныш күн мен тату ғұмырды тарту етті 2 IMG 20190325 WA0184](http://atr.kz/wp-content/uploads/2019/03/IMG-20190325-WA0184.jpg)
Бүгін ҚР Президенті Қасымжомарт Кемелұлының бастамасымен Елордамыздың «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруі дер кезінде қабылданған оңды шешім болды деп ойлаймын. Елбасы жастарға әркез айрықша шабыт беріп отырады. Олай болса, ортақ мүддеде ұйысып, ел үшін еңбек етіп, тер төгу керек, – деді ол.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ