Теңіз кенішінде кісі өлімі болды

reka lodka staraya vyosla arxiv 1 Жаңалықтар

Теңіз кенішінде тағы да кісі өлімі тіркелді. Қайғылы жағдай 23 тамыз күні, сағат 12:15-те орын алған. Бұл туралы Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметкерлері хабарлады.

reka-lodka-staraya-vyosla-(arxiv)-1

Олардың айтуынша, қайтыс болған Г.Скобочкин есімді азамат «Сенімді құрылыс» атты түрік компаниясының эксковатор жүргізушісі.

Қолдағы бар ақпарат бойынша, 61 жасар азамат асханада жүріп, тізесімен жерге құлаған. «Қайғылы жағдай инфаркттен болуы мүмкін», – дейді мамандар.

Бүгінде Теңіздегі кісі өлімі бойынша сот медициналық сараптамасы жұмысын бастаған. Сонымен қатар, инспекцияның тексеру комиссиясы оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз