
Әкелермен бірге ұлттық тәрбие дәріптелді
Атырау қаласындағы №43 «Арман» бөбекжай-бақшасында ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған ерекше іс-шара өтті.
Тәуелсіздік күніне орай «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шарада мектепалды топ тәрбиеленушілері мен олардың әкелері «Бестемше» ұлттық ойынын ойнады. Бұл ойын арқылы балалар үлкендерге құрмет көрсетіп, әкелердің еңбегін бағалауды, сүйіспеншілік пен мейірімділікті үйренді.

Бұл жиынның басты мақсаты – ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар балалардың рухани дамуына, отбасылық байланыстардың беріктігіне оң әсер етеді.

Іс-шараның соңында қатысушылар бір-біріне алғыс білдіріп, ұлттық тәрбиенің маңызына ерекше тоқталды. Мұндай бастамалар жас ұрпақтың бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерді сіңіруге кеңінен жол ашады.
