Мақатта жаңа аллеяның құрылысы басталуда

350105316 1455945558550211 5027467782220564545 n 1 Жаңалықтар

Мақат кентіндегі Болашақ ықшам ауданында «Болашақ аллеясының» құрылыс нысанына жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, жуырда сараптамадан өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші Мақат аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Болатбек Сәрсеннің айтуынша, құрылыс қаражатының шығыны 113 млн 263 мың тенгені құрайды. Бүгінгі күні ол сумманың 50 млн теңгесі бөлінген.

— Бірінші мамыр күні мердігер мекеме «ЭнергоСнабРесурс» ЖШС демонтаж жұмыстарын бастап кетті. Нысан күзге дейін тапсырылуы керек. Кент орталығында орналасқан аллея болашақта балалардың ойнауына және ересектер серуендеуіне арналған көрікті жерлердің бірі болмақ,- деді Б.Сәрсен.

Оның айтуынша, көлемі 0,585 гектар аумақты алып жатқан аллеяда спорт алаңы, балалар ойын алаңы, демалыс аймағы қарастырылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз