Атырау облысында карантинде 18 адам жатыр

eea378f1 4c7b 42f2 9e8d 0b085931c32b 626 000000caee387760 Жаңалықтар

Atr.kz/20 наурыз, 2020 жыл. «Қазір Атырауда карантинде 18 адам жатыр.

Оның 13-і облыстық туберкулезге қарсы диспансерде оқшауланса, Жылыой ауданында – 2, Индер ауданында 1 адам бар. Олар – 1А санатына енгізілген мемлекеттерден келгендер. Ал, №2 облыстық ауруханасында 2 адам медициналық бақылауға алынды. Олардың барлығы 14 күн бойы карантинде болады. Оқшауланған адамдардың дене қызуы күніне 2 рет тексеріліп, медициналық қадағалау жүргізілуде», – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Аслан Жеңісұлы.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ

http://atr.kz/bez-rubriki/ministr-abaev-%d2%afkimetke-berilgen-zha%d2%a3a-%d3%a9kilettilikter-turaly-pikir-bildirdi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз