
Жаңалықтар
15 мың шақырым жол ақылы болуы мүмкін
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 15 мың шақырым жол ақылы жүйеге енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты.
«Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бойынша біз республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ақылы ету мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл ұсынысты жеке серіктес бастады. Ол 3 жыл ішінде 15 мың шақырым жолға ақылы жүйені енгізу керектігін ұсынып отыр. Бұл жүйе 10 жыл пайдаланылады», — деді ол.
Министрдің айтуынша, жобаны бастау туралы хабарлама 2 сәуірде интернет ресурстарда және баспасөзде жарияланған.
Хорлан Смадияр