Атырауда Елорда Астананың 20 жылдығына орай мерекелік концерт өтті (ФОТО)

ЕАС 137 Жаңалықтар

Атырауда Елорда Астананың 20 жылдығына орай мерекелік концерт өтті. Бұл туралы Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі xабарлайды.

ЕАС 137

Маxамбет атындағы қазақ драма театрында өткен мерекелік кеш «Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен өткізілді.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев еліміздің бас қаласының мерейтойына жиналған қала тұрғындарын айтулы күнмен құттықтады:

«Бүгін еліміздің барлық қалаларында Елордаға арналған мерекелік іс-шаралар басталды. Отанға деген сүйіспеншілік интеллектуалды, белсенді жастардың арқасында туындайды. Ол ұлттың рухы биік болуы мен біртұтастығымызды айқындай түседі. Осыдан 20 жыл бұрын Елбасымыз Елорданы ауыстыру туралы бұйрыққа қол қойған болатын. Осы уақыт ішінде біз Еуразияның інжу-маржаны болып саналатын жаңа астанамызды құрдық. Баршаңызды мерекемен құттықтап, сіздерге және отбасыларыңызға сәттілік тілеймін!»,-деді аймақ басшысы.

ЕАС 067

ЕАС 023

Көрермендер назарына облыстың барлық ауданынан келген оқушылар мен өнерпаздардың мерекелік бағдарламасы ұсынылды.

ЕАС 173

ЕАС 081

ЕАС 372

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз