Атырауда 45 жастағы азамат із-түссіз жоғалып кетті

1 5 Жаңалықтар

Атырауда хабар-ошарсыз кеткен 45 жастағы азамат іздестірілуде. Ол – Нұрсая мөлтек ауданындағы №49 үйдің 29-інші пәтерінен шыққан күйі қайта оралмаған.

1

Жоғалған азаматтың аты-жөні: Бауыржан Сатыбайұлы Ғапуров. 1972 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген.

Белгілері: ұлты – азиат, бойы 170-175 см, арықша денелі, тік қара қысқа шашты.

Киген киімі: ақ түсті көйлек (қызыл түсті сызықтары бар), қара түсті шалбар, қара туфли.

Хабар-ошарсыз кеткен Б.Ғапуровты көрген адамдар болса, Атырау облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасына хабарласу сұралады. Байланыс телефондары: 98-20-12, 98-20-78, 98-21-47 немесе ұялы телефон арқылы 112 нөміріне хабарласуға болады.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз