Атырауда азық-түлік базарлары жұмысын уақытша тоқтатады

1 4 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/16 сәуір, 2020 жыл. «Тек қана азық-түлік дүкендерін тауармен қамтамасыз етіп отырған көтерме сауда қоймалары ғана жұмысын жалғастырады» деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар режимін қалыптастыру жөніндегі штабы.


Еске сала кетелік, Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына толықтырулар енгізілді. Құжаттағы толықтыруға сәйкес, халық көп шоғырланатын орындарды жабуға шешім шығарылып отыр.


«Бөлшек сауда дүкендерін қамтамасыз етіп отырған көтерме сауда нысандарынан басқа, жәрмеңкелердің, азық-түлік тауарларының және халық көп жиналатын өзге де нысандардың жұмысы тоқтатылсын» делінген толықтыруда.


Әмбебапмаркеттер мен азық-түлік дүкендерінің жұмысы белгіленген кестеге сәйкес (таңғы сағат 9.00 бен кешкі сағат 20. 00 аралығында) жалғасады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз