133 қандас көшіп келді
Биыл Атырау облысына шетелден 133 қандас кшіп келді.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының мəліметінше, жыл басынан бері өңірге шетелден 95 отбасы көшіп келген. Бұл отбасыларда 133 этникалық қазақ бар. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мақсатымен қоныс аударған этникалық қазақтар қандас мəртебесін алды. Оның ішінде Өзбекстан Республикасынан 88 отбасы (124 адам), Қытай Халық Республикасынан 5 отбасы (7 адам) жəне Ресей Федерациясынан 2 отбасы (2 адам) бар. Олардың арасынан 116 мүшесі бар 81 отбасы Атырау қаласына, 12 отбасының 15 адамы Жылыой ауданына жəне 2 отбасы Мақат ауданына қоныстанды» деп хабарлады басқарма мамандары. Бұдан бұрын Атырау облысына 50-ге жуық этникалық қазақ көшіп келген болатын.
Бек АЙДАРƏЛИ