Атыраулық меценат «Atyrau Marathon-2018» шарасына 500 орын сатып алды

31956477 456836711417667 5232463682104983552 o Қоғам

Атыраулық меценат «Atyrau Marathon-2018» шарасына 500 орын сатып алды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

31956477_456836711417667_5232463682104983552_o

Биыл 42 шақырымдық негізгі қашықтықтан бөлек «Atyrau Marathon-2018» аясында әуесқойларға арналған 10, 4,5 шақырымдық жүгірулер ұйымдастырылған.

-Жүгіруге қатысу ақылы, 42 км қашықтыққа жарна – 3 000 теңге, 10 км-ге – 1000 теңге. Ал 4,5 км қашықтыққа жүгіруге қатысу тегін. Студенттер мен зейнеткерлерге де қатысу тегін, – дейді «Atyrau Marathon-2018» ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Юрий Пономарев.

Кәсіпкер Ерлан Табылдиев жеңіл атлетиканы насихаттау мақсатында 10 шақырымға жүгірушілер үшін сатып алған 500 орны сөреде қатысамын деушілерге таратылады.

Біздің қалада марафонға қатысқысы келетіндер қатары көп, жүгірмеуге сылтау табатындар да бар. Осы қадамым арқылы 10 шақырымға жүгіруге қатысатындарды ынталандырғым келді, – дейді кәсіпкер.

10 шақырымдық жүгіру басталатын сөреде тіркеу орны бар, қатысуға ниет білдірген сол жерге келіп, тегін тіркеле алады. Ал 10 мың метр қашықтықтың сөресі Әбілқайыр хан даңғылында, Уорлей Парсонс алаңы мен Мұз сарайының арасында басталады. Марафонға қатысу уақыты – 8.00-9.15.

42 195 м қашықтыққа жүгірудің сөресі Мұз айдынының алдында болса, 4500 м қашықтыққа жүгіру сөресі Сәтпаев көшесінде басталады.

Хорлан Смадияр

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз