Сайлауға түгелдей қатыстық

c86b48dcc32830e01e9d5afc71f42084 Жаңалықтар

“Саяси науқанға отбасымызбен түгел қатыстық” дейді 1-топ мүгедегі Мұрат Сабыров.

-Түс уақытында өзіміз тіркеліп тұрған 32 сайлау учаскесінен комиссия мүшелері келіп, кезектен тыс Президент сайлауында дауыс беруге мүмкіндік жасады. Олар еліміздегі саяси науқанның маңыздылығын түсіндіріп, таңдау парағын ұсынды. Түске дейін балаларым да сайлау учаскелеріне барып, дауыс беріп қайтты. Тәуелсіз қазақ елінің келешегі жолында менің де пікірімді ескеріп, азаматтық ұстанымымды елеп жатқан учаске мүшелеріне алғысымды жеткіздім. Осылайша, біз отбасымызбен маңызды науқанға бір кісідей қатыстық,-дейді 1-топ мүгедегі.

А. Сабырова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз