COVID-19 қайтыс болғандардан індетті жұқтыруға бола ма?

22 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Твиттердегі фейк ролик қазақстандық әлеуметтік желі пайдаланушылары арасында «коронавирустан қайтыс болғандардан індетті жұқтыруға бола ма?» деген тақырыпта дау тудырып, түрлі болжамдардың жасалуына себеп болды. Қайтыс болған адаммен қоштасу кезінде немесе жерлегенде індетті жұқтыруға бола ма, COVID-19-дан қайтыс болғандарды жерлеу кезінде қандай ережелерді сақтау керек – StopFake.kz осы сұрақтарға жауап іздеді.

whatsapp image 2020 11 17 at 14.12.40 498x1024 1

StopFake.kz бұған дейін COVID-19-дан қайтыс болғандардың ағзаларын алып жатыр деп мәлімдеген ер адамның видеосы туралы жазған болатын. Фейк видеоны талқылау барысында пайдаланушылар «коронавирустан қайтыс болғандардан індетті жұқтыруға бола ма?», деген сұраққа өз жауаптарын айтып, дәлелдерін келтіруде. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті StopFake.kz жолдаған сауалға COVID-19-дан көз жұмған науқас біраз уақыт бойы қауіп сақталады деп жауап берді.

«COVID-19 вирусы жасушаішілік қоздырғыш болып табылады және оның көбеюі үшін тірі жасушалар қажет. Вирустар тірі ағзада тіршілік етеді. Бірақ адам қайтыс болғаннан кейін марқұмды жуғанда немесе жерлеуге дайындаудың басқа рәсімдері кезінде, оның биологиялық сұйықтықтары арқылы вирус жұқтыру қаупі сақталады. Сондықтан осы процедуралар кезінде міндетті түрде қорғаныс маскасы мен қолғап кию керек», – деп түсіндірді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы COVID-19-дан қайтыс болғандарды жерлеу процесіне қатысушылар сақтауы тиіс ережелер туралы айтып берді.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 қаулысына 31-қосымшаға сәйкес:

  • жерлеуге (көмуге) қатысушылардың барлығы жеке қорғаныс құралдарын (маска, қолғап) пайдалануы керек.
  • жерлеу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтау керек.
  • жерлеу аяқталғаннан кейін құралдар, қорғаныс киімдері, көлік тікелей қабірдің жанында жерлеу орнында дезинфекциялық құралдармен зарарсыздандырылады.
  • мәйітті жерлеу орнына тасымалдау үшін пайдаланылған көлік мұқият жуу немесе гидропульттен дезинфекциялық құралды қарқынды шашу арқылы зарарсыздандырылады.
  • Көлікті дезинфекциялайтын (жуатын) адамдар жеке қорғаныс құралдарын (қорғаныш халат, қолғап, медициналық маскалар) пайдалануы қажет.
  • Көлікті басқа жерлерде дезинфекциялауға және мәйітті тасымалдау мен көму кезінде пайдаланылған зарарсыздандырылмаған құралдарды, пайдаланылған қорғаныс киімдерін және басқа заттарды көму орнынан шығаруға жол берілмейді.

«Табытсыз жерлеу кезінде (ұлттық әдет-ғұрып бойынша) қайтыс болған адамның денесін дезинфекциялау ерітіндісімен жуады және матаға (саван, «кебін») орайды, ол пайдаланылатын препараттың нұсқаулығына сәйкес концентрацияда тиісті вирулицидті (бактерицидті) дезинфекциялау ерітіндіге салынады Содан кейін денені полиэтилен пленкамен орап, тығыз матамен қаптайды. Жерлеу кезінде саванды және қайтыс болған адамның бетін ашуға тыйым салынады», – делінген Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының жауабында.

Табытпен жерлеу кезінде COVID-19-дан қайтыс болған адамның денесі арнайы ерітіндіге салынған матаға, содан кейін полиэтилен пленкамен, үстінен тығыз матамен оралады. Мәйіт жерлеу орнына жабық табытпен жеткізіледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз