12 жасында содырдың әйелі атанған Нұрила өкінішін айтты (+ ВИДЕО)
Нұрилла Шам жерінен оралған балалардың ересегі. Оны қарулы қақтығыс аймағына бала кезінде анасы Әйгерім мен өгей әкесі ертіп әкеткен. Ол жақта 12 жасар жеткіншекті анасы содырлардың біріне ұзатыпты. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі TauNews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Бізге бір адамдар келіп, тез-тез болыңдар, шығып кетеміз деді. Бірінші өте шулы көпірге тоқтап, отельге қоныстандық. Кейін Түркияға ұшып кеттік»,- деп өз әңгімесін бастады Нұрилла.
Нұрилланың анасы Әйгерім Ақназарова 1982 жылы дүниеге келген. Шам жеріне Нұрилланың өгей әкесімен кетіп, кейін оралмаған. Жусан операциясы кезінде қызы «менің иманым жетпейді, жәннатта кездесерміз» деп Қазақстанға кейін оралған.
Бейбіт кездің сұрақсыз соғысын көріп келген Нұрилланың әжесі Гүлзада Сүйінова көзіне жас алып, бар өкпесімен бөлісті.
«Еліміз тыныш кезде, басқа елдегі соғыс оған не үшін керек?»
Қызының мұндай теріс жолға итермелеген бірінші күйеуі дейді. Ол әйелін қара киімге тұмшалап, жақындарымен араласуына тыйым салған. Анау харам, мынау кәпір деп тіптен далаға шығарудан да қалған. Әйгерім бұл қысымға төзбей, Нұрилланы алып үйден қашып кеткен.
Көп уақыт өтпей Ханив есімді жігітпен көңіл жарастырып, екінші рет отау құрады. Бұл некесінен тағы бір қызды дүниеге алып келеді. Өкінішке қарай, екінші күйеуі де теріс жолда жүрген азамат боп шықты. Ең сорақысы, өз әйелі мен екі қызын Сирияға жіберіп, өзі Бішкек те банк тонап, түрмеге тоғытылады.
«Алланың разылыңы үшін жарам, соғысамын. Жәннатқа кіремін, анамды қуантамын деген ой ғана болды. Түк те қорқыныш болмады».
Алайда, соғыс кезінде Нұрилла қатты сырқаттанып, анасының бұл жоспары жүзеге аспай қалады. Нұриллаға Шерзат есімді адасқан содырдың көзі түсіп, 12 жасында қалыңдық атанады.
Айта кететін жайт, ол жақта жасөспірім қыздардың ерте күйеуге шығуы қалыпты жағдай. Өйткені, содырлар қыздарды зорлап, ұлдарды қатты қорлайды екен.
Жәбір көруші:
«12 жастағы қыздар әдетте, оқып, қуыршақ ойнап, бақытты күй кешеді. Ал менде ондай өмір болмады. Қорқынышпен жүрдім, жылағым келеді. Бірақ жас жоқ…»
Хасан Аманқұлов ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары:
«Ата-ананың рұқсатынсыз, разылығынсыз тырнақша ішіндегі соғыстарға аттанатын адамдар күнәһар боп саналады. Ол шариғатқа қайшы іс-әрекет».
Нұрилла елге Жусан операциясымен жеткізіледі. Анасы мен сіңілісі қақтығыс аймағынан шықпаған. Өмірге өкпелі Әйгерім Ақназарованың күйеуі теріс діни ағымда жүрген азамат болмағанда, мүмкін бәрі жақсы болар ма еді деген бала жүрек сыздауда…
Нұрилланың басты арманы анасының амандығы. Ал мақсаты – екі елді байланыстыратын елші болу…