Атырау қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратқа көшті (+ФОТО)

whatsapp image 2020 10 09 at 10.17.40 Жаңалықтар

Atr.kz/9 қазан, 2020 жыл. Атырау қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратқа қоныс аударды.

Бұл бастама Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «бір терезе» қағидаты бойынша облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты. Мұндағы негізгі мақсат – халыққа ыңғайлы жағдай жасау. Осы тұрғыда аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің өзі 6 қабатты жаңа ғимаратты түгелдей аралап, қызмет көрету сапасын қарап шықты.  

– Жаңа орталық заманауи талапқа сай жабдықталған. Ғимараттың бірінші қабатында цифрлық орталық орналасқан. Мұнда 30 адам бір уақытта «өзіне-өзі қызмет көрсету» мұмкіндігін пайдалана алады. Ал екінші қабатта қызмет көрсету залы жұмыс жасауда. Бұл жерде бір уақытта 30 қызмет алушыны қабылдауға мүмкіндік бар, залдың сыймдылығы 100 орын. Үшінші қабатта әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері қызмет көрсетеді. Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті төртінші қабатта  орналасқан, – деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Мұса Хайруллиев. 

Бұдан бөлек, орталықта тұрғындардың ыңғайлылығы үшін кеңесшілер, құжаттандыру мен халықты тіркеу, дайын құжаттарды беру секторлары,  сондай-ақ, балалар ойнайтын шағын бөлме орналасқан. Сонымен қатар, жаңа ғимаратта азаматтардың операторларды күтпей-ақ, өз беттерімен электрондық қызметтерді пайдалануына  бар жағдай жасалған. 

– Енді атыраулықтарға өздеріне қажетті мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік бар. Бұрынғыдай бір анықтама үшін қаланың арғы шеті мен бергі шетіне барып жүрмейді, – деп атап өтті филиал директоры.

Сондай-ақ, облыс әкімі ХҚКО-ға келген тұрғындармен және орталық қызметкерлерімен тілдесті. Десе де, бірнеше тұрғын жаңа ғимаратта мемлекеттік қызметтерді алуға барлық жағдай жасалғанын, алайда жаңа мекен-жайға қатынайтын автобус санының аздығы қолайсыздық тудырып отырғанын жеткізді.

Басты мақсат халыққа қолайлы жағдай жасап, сапалы қызмет көрсету екеніне тоқталған  өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов жауапты мамандарға жуық арада осы мәселенің шешімін тауып,  азаматтардың  жаңа мекен-жайға еш кедергісіз қатынауы үшін автобус санын көбейтуді тапсырды. Айта кетейік, ХҚКО-ның жаңа ғимараты Нұрсая ықшамауданы, Әбілқайыр хан 66 мекен-жайында орналасқан.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

whatsapp image 2020 10 09 at 10.17.28
whatsapp image 2020 10 09 at 10.17.31
whatsapp image 2020 10 09 at 10.17.32
whatsapp image 2020 10 09 at 10.17.33
c46a38dd fb87 49b7 bccb 98b21bc535df
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз