Атырауда бір тәулікте 119 адамнан коронавирус анықталды

«Оның ішінде, 77 адам Атырау қаласының тұрғындары» деп хабарлайды Atr.kz

Теңіз кенішінен скрининг нәтижесінде 17 адамнан жұқпалы вирус расталып отыр. Жұқпалы індет анықталғандар қатарында аудан тұрғындары да бар. Мәселен, Жылыой ауданында 11, Қызылқоға ауданында 1, Индер ауданында 4, Құрманғазы ауданында 4, Махамбет ауданында 1, Исатай ауданында 2, Мақат ауданында 2 адамнан инфекция анықталды.

201004231622621e 1

«58 науқаста коронавирус ауруы симптомды түрде өтуде. Өткен тәулікте 19 адам жұқпалы дерттен емделіп шықты» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.

Еске сала кетелік, коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты, Атырау облысы «қызыл аймақта» қалып отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз