Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда Сырым Датов көшесінің жолы жабылады

Өңірде жол құрылысын қайта жаңғырту мақсатында 2022 жылы Сырым Датов көшесін жөндеу жұмыстары басталған болатын.

Осы ретте, аталған аумақта жол құрылысы қайтадан жанданып, ертең, яғни 4 сәуір күні сағат 09:00-де Ш.Уалиханов көшесінен бастап Т.Гогиашвили көшесіне дейінгі 400 метр аралық жабылатындығын хабарлаймыз.

Сонымен қатар, қалалық автобус бағыттарының да қозғалысы уақытша өзгереді.

Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button