Атырауда мас күйде көлік айдағандар камераға түсіп қалды… (+ВИДЕО)
Бейнекамера көмегімен мас күйінде көлік тізгіндеген екі жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.
26 наурыз күні сағат 02:37 шамасында Сергек бейнекамерасымен Геолог мөлтек ауданының соңғы аялдамасында орналасқан
“Рахила” дүкенінен жүрісі күмән тудыратын ер азаматтың шығып келе жатқаны байқалып, аталған азаматтың жүргізіп кеткен Toyotа автокөлігін тоқтату мақсатында, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлерімен автокөлік тоқтатылып, тексеру кезінде аталған автокөліктің 39 жастағы жүргізушісінің мас күйде тізгіндегені анықталған. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабымен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып,көлік жүргізушісі сот шешімімен 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Одан өзге, 28 наурыз күні сағат 23:01 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен Балықшы мөлтек ауданы, Алтынкөл көшесінің бойында Lada Priora автокөлігі күдік тудырып, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлерімен тексеру кезінде аталған автокөліктің 1968 ж.т., жүргізушісінен ішімдік иісі байқалған. Медициналық сараптаманың корытындысымен 53 жастағы азаматтың орта дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабымен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
«Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі»