Амангелді Ермек Еуропа Кубогының күміс жүлдегері атанды!

54516679 2389392594614451 4577958164237910016 o Жаңалықтар

Atr.kz/ 26 наурыз, 2019 жыл. 23-24 наурыз күндері Грецияның Афина қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтті.

66 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында жерлесіміз Амангелді Ермек сынға түсіп, күміс жүлдеге ие болды.
Ермек алғашқы кездесуде жарыс қожайыны грециялық балуанды жеңсе, екінші айналымда Лебанон спортшысын жарыс жолынан шығарды. Үшінші кездесуінде Түрік балуанын, төртінші кездесуінде Чехиялық спортшыны тізе бүктірді.
Жартылай финалда жерлесіміз Ресейлік спортшыны оңай ұтты. Тек ақтық сында Беларусь балуанына есе жіберіп алды.
Айта кету керек, Ермек жақында ғана қаламызда өткен жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен болатын.

«Атырау Спорт» парақшасынан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз