COVID-19: Тағы 250-ге жуық қазақстандық шетелден анықтамасыз ұшып келді

whatsapp image 2020 05 29 at 15.33.30 3 COVID-19: Соңғы поштадан...

Кеше Қазақстан аумағына Германия, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 20 халықаралық әуе рейсі ұшып келді.

Бұл туралы «Қазақпарат» хабарлады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, өткен бір тәулікте елімізге барлығы 2 055 жолаушы ұшып келді. Олардың 1 806-сында коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 249-ында анықтама болмаған, барлығы да – ҚР азаматтары.

  • Атап айтқанда:

– Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 149 жолаушы, анықтамамен – 1 043, анықтамасыз – 106; – Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 811 жолаушы, анықтамамен – 668; анықтамасыз – 143; – Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 95 жолаушы анықтамамен келген.

«Анықтама болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде» деді министрліктен.

Сондай-ақ ақпаратқа сәйкес, 3 ақпанда шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР-талдау нәтижелері дайын болған – барлық 247 жолаушыда коронавирус инфекциясы анықталған жоқ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз