Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАҚоғам

АТЫРАУ ПОЙЫЗЫНДА НЕ БОП ЖАТЫР?(+видео)

Видео:

https://youtube.com/shorts/t1fEYZN-eaU?feature=share

Әлеуметтік желіде атыраулықтардың » «Атырау-Д.Нұрпейісова» бағытындағы пойыздың ыссылығына шағымданған видеосы тарады — деп хабарлайды ATPress.kz.

Жолаушылар редакцияға жіберген видеода жас жігіттің жылап жатқан кішкентай баланы сүлгімен салқындатып жатқанын көруге болады.

— Ганюшкиноға пойызбен келдім. Мен жауыма да мұндайды қаламаймын. Көшеде +42 градус, ал темір вагондарда не болып жатыр? Кондиционерлер ілулі тұр, бірақ олар қашан қосылады деген сұраққа жолсерік жай ғана күле салды, — деп жазады видео авторы.

  — Бұл кондиционерлер жүрдек вагондарға арналған. Ал бұл пойыз әр ауылдың жанында тоқтайды, олардың арасындағы қашықтық аз. Сондықтан кондиционерлердің қуат алуға уақыты жоқ және олардың барлығы өшірілген. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін қаладан пойыз сағат 18.00-де жолға шығады. Ол жерден түнде кетеді. Келесі жылы ауа баптағыштары бар дизельді вагондар сатып алуды жоспарлап отырмыз. Жоғары органдарға ұсыныс жасалды. Жауап күтеміз, — дейді «OTPAN LOGISTIC» ЖШС учаске бастығы Нүркен Қайыров.

Пойыздарда ауа баптағыштардың жоқтығына «Атырау — Ақтөбе» бағытындағы пойыз жолаушылары да шағымданады.  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button