20201118 215744 scaled

«Парасатты отбасы» байқауының жеңімпазы анықталды

Жаңалықтар Қоғам
5 / 100

      ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп, «Атырау – адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасатты отбасы» байқауын ұйымдастырған болатын. Пандемияға байланысты дауыс беру онлайн түрде өтіп, ең көп дауыс жинаған шаңырақтар оқ бойы озық шықты.

      Аталған байқаудың қазылар алқасының төрайымы, Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымының орынбасары, «Атырау облысы іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұрлы Әйтиева сөз алып, осымен екінші рет өткізіліп отырған байқауға әр отбасының парасатты отбасы құндылықтары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-пікірлері мен өз ұстанымдары туралы бейнероликтер дайындап, оларды әлеуметтік желілерде жариялағандары жайлы айтты.

Былтыр байқауға 13 отбасы қатысса, биыл олардың саны 25-ке жетіпті.

«Әр отбасының бейнероликтері жеке-дара сарапқа салынып, бүгін ең көп дауыс алғандары марапатталатын болады,» – деді Нұрлы Тельманқызы. Сөйтіп:

      «Өнегелі отбасы» номинациясымен Құрманғазиевтар отбасы (Индер ауданы),

      «Шебер отбасы» номинациясымен Мендешевтер отбасы (Индер),

      «Ынтымақты отбасы» номинациясымен Талғатовтар отбасы (Махамбет ауданы),

      ІІІ орынмен исатайлық Қарабалиндер отбасы мен қызылқоғалық Берегеновтар отбасы,

      ІІ орынмен қызылқоғалық Гафуриндер және жылыойлық Төлеуовтар отбасы,

      І орынмен жылыойлық Бөкеновтар отбасы марапатталды.

      ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт байқауға қатысқан барша отбасын шын жүректен құттықтап, ең ізгі тілегін арнады.

«Біздің қазақ халқы бала тәрбиесіне орасан зор мән берген. Ата-бабадан келе жатқан дәстүр құндылықтарын сақтай отырып, ұл-қыздарыңызға өнегелі тәрбие беріп келе жатқан өздеріңізге біз қашан да ризамыз. Отбасы мен қоғам арасы ешқашан ажырамасын, ұлдарымыз рухты, қыздарымыз ғұрыпты болғай!» – деді Айдос Жанұзақұлы.

Лиза СЕЙТІМОВА

Суреттерді түсірген автор

20201118 215836

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған