14 жасар жасөспірім халықаралық маникюр байқауының жеңімпазы

a346c0c9 868f 4232 820a 6f52025f21ff Қоғам

Жас маникюр шебері Сочи қаласында өткен тырнақ әрлеу бойынша халықаралық байқауда жеңімпаз атанды. Ол – Екібастұз қаласының тумасы.

Бұл жайында ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған.

21 елден келген ересек маникюр шеберлері бақ сынаған өнер олимпиадасында 14 жастағы Арулат Мұхаметқали жарыстың ең жас қатысушысы атанған. Байқау жұмысын орындауға оқушы жеті сағатқа жуық уақыт жұмсайды. Ол «Өсіру және дизайн» номинациясы бойынша чемпион болған.

Арулат бұрын бұл туралы тек армандағанын айтып өткен.

a41f9caa dd35 442d 9514 7ceeea9ac92b

«Екі жылдық менің тәжірибе жолым үлкен сабақтарға толы болды. Жарыстардағы жеткен жеңістерге қуанған сәттеріммен қатар, қолымнан ешнәрсе келмейді деп көзіме жас алған кездерім де болды. Алайда қазір менің жанымда әрқашан қолдап жүретін адамдар бар. Сіздердің барлықтарыңызға үлкен алғыс айтамын. Сіздердің жылы лебіздеріңіз менің бір орында тұрып қалмауыма септігін тигізеді», – деп атап өтті жас жеңімпаз.

Сонымен қатар ол тәлімгерлері Елена Шанская мен Наталья Соложинаға ерекше алғысын білдіреді.

307ed8bd 8f10 420b 8324 0a653e12fdba

Арулат Мұхаметқали тырнақ өнерін үйренгісі келетіндермен өз білімін бөлісуді жоспарлап отыр. Ол сондай-ақ, кезінде өзіне бұл мамандықтың қыр-сырын үйренуге әлемнің үздік шеберлері үйреткенін, ендігі кезекте өзі басқалардың арманына жету жолында себепші болғысы келетінін жеткізген.

95d817d1 1cc9 41c6 a1d4 89e21355a8e0

Арулат Мұхаметқали 2020 жылы сал ауруына шалдыққан ағасы Бекарысты құтқару үшін маникюр шебері болған. Белгілі болғандай, бала екі жасында үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Салдарынан ол бас-ми жарақатын алады. Сонда 13 жаста болған Арулат ата-анасын оқу ақысы мен керекті құралдарды алып беруге көндіреді. Мектеп оқушысы жаңадан жұмысын бастаған шеберден сертификат алып, таныс достарына маникюр жасай бастайды.

Тапқан табысының барлығын жаөспірім отбасына береді.

Stan.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз