Жылыойлық спортшылар әлем чемпионатынан жүлдемен оралды

oropr Спорт

20-21 мамырда Ессентуки қаласында (Ресей) Full Contact Federation нұсқасы бойынша 14-ші әлем чемпионаты өтті.

«Спорттық додаға жылыойлық спортшылар қатысып, жүлделі орынмен оралды. 2 спортышымыз І орын, 8 спортшы ІІ орын және 1 спортшы ІІІ орын иеленді», – деп хабарлады Жылыой аудандық әкімдігі.

І орын иеленген спортшылар: Талғат Жұмағалиев пен Мейржан Мұсағали

ІІ орын иеленген спортшылар: Әскербек Нұрберген, Алтынбек Мұратұлы, Мейрамбек Айғали, Махамбет Арыстан, Талап Қадырқұлов, Нұрбек Жәкен, Нұрхат Жеткерген, Ерназ Жұмаев.

ІІІ орын иеленген спортшы: Бекжан Амандық.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз