Атыраулық боксшы Нұрқанат Райс Азия чемпионатының күміс жүлдегері

screenshot 9 4 Спорт

Атыраулық боксшы Нұрқанат Райс Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Иордания астанасы Амман қаласында ұйымдастырылған бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа 30 елден 300-ден астам былғары қолғап шеберлері қатысты. Ерлер 13 салмақ дәрежесінде және әйелдер 12 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында атыраулық спортшы Н.Райс та бақ сынады. 75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз іріктеу кезеңдерінде қырғызстандық Сагын Сатыбалдыулы мен ирандық Сейедшахин Моны ұтты.

-Нұрқанат үшін қуаныштымын. Чемпионат атына сай жоғары деңгейде өтті. Әр бапкер шәкіртінің жеткен жетістігіне қуанады. Оның бұған дейінгі жетістіктері өте көп, -деді аға жаттықтырушы Нұрлан Айтуаров.

Айта кетейік, Нұрқанат Райс халықаралық дəрежедегі спорт шебері, Қазақстан чемпионы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз