Жарнама
Спорт

Жыл қорытындысы: Атырауда спорт нысандарының саны артуда

2024 жылы Атырау облысы спорт саласында тұрақты нәтижелер көрсетіп, халықаралық және ұлттық жарыстарда 2000-ға жуық медаль жеңіп алды. Өңірде ауылдық жерлерде жаңа нысандар салуға баса назар аудара отырып, спорттық инфрақұрылымды дамыту процесіжалғасты. Сондай-ақ, жасспортшыларды даярлауда жетістіктерге қол жеткізілді, ал облыс спортшылары Паралимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсетті. Алдағы жылдары бірқатар спорт кешендерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда, бұл спортпен шұғылдану үшін тұрғындарға мол мүмкіндіктер ашады, депхабарлайды Аtyrau Рress тілшісі.  

img 4549

Спорттық жетістіктер  

Биыл облыс спортшылары 2000-ға жуық медаль жеңіп алды, оның 91-і әлем чемпионатында, 71-і Азия чемпионатында, 450-і Қазақстан Республикасының чемпионатында. Айта кету керек, ең көп марапаттарға олимпиадалық емес спорт түрлерінің спортшылары ие болды.

Спортшылар үшін ең жоғары марапат — «Еңбек сіңірген спортшы» атағы.Ағымдағы жылы 3 «Еңбек сіңірген спортшы» дайындалды. Бұл атақ Абиба Әбужақынова, Зарина Райфова және Жұрқамырза Шүкірбековке берілді. Сондай-ақ, 4 спортшы халықаралықдәрежеге қол жеткізді, 20 атыраулықспорт шебері және 200 спорт шеберіне үміткер болды. Бір жаттықтырушы «Парасат» медалімен және тағы бірі «Құрмет» орденімен марапатталды. 

Облыс бойынша барлығы 807 жаттықтырушы бар. Оның ішінде басқармаға ведомстволық бағынысты ұйымдарда 665 жаттықтырушы жұмыс істейді. Жалпы, облыста 30 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы бар. Жаттықтырушылардың кәсіби өсуіне көп көңіл бөлінеді, республикалық орталықтарда біліктілікті арттыру курстарынан өту бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Биыл еліміздің құрама командасына кірген спортшылардың саны 451 адамды құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен асып түсті. Атырау облысыныңпарапортсмендері де биыл жоғарынәтижелерге қол жеткізді. ЖазғыПаралимпиада ойындарына қатысуғаоблыстың 16 спортшысы лицензия алды.Парадзюдошылар паратаеквондодан екіқола медаль жеңіп алды, ал паралегалда — 5-ші орын алды. ҚазақстанРеспубликасы құрамасының құрамынакіретін параволейболшылар да 5-ші орынды иеленді.

img 4550

 Жыл басынан бері облыста 125 000-нан астам адамды қамтитын 1000-нан астамспорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді,оның 70 мыңы ауылдық жерлерде.Маңызды және ауқымды іс-шаралардыңішінде жеңіл атлетикалық марафондар,жүгірулер, отбасылық жарыстар жәнежаппай коньки тебуді атап өтуге болады.Басқарманың бастамасымен 71 спорттықіс-шара ұйымдастырылды, оның ішінде таеквондо, шинкиокушинкай каратэ,баскетбол, жекпе-жек, волейбол,бокстан және күрестен ҚР 7чемпионаты, сондай-ақ 6 республикалықтурнир. Спортты дамыту бойыншажүргізіліп жатқан жұмыстар көптегенадамдардың дене шынықтыруменайналысуына мүмкіндік туғызады.Барлық спорт мектептерінде кешкіуақытта, сондай-ақ сенбі мен жексенбідетұрғындар тегін спортпен шұғылданаалады.

img 4551


2024 жылы Атырау облысыныңспортшылары көптеген халықаралықжарыстарға қатысты. Жалпы, біздіңспортшылар әлем чемпионаттарында 91, Азия чемпионатында 71 жәнехалықаралық турнирлерде 248 медальжеңіп алды. Спорттық резервтідаярлаумен 31 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі,олимпиадалық резервті даярлауорталығы және олимпиадалық резервтіңоблыстық мамандандырылғанмектеп-интернаты айналысады. Жасспортшылар бокс, күрес, дзюдо, қазақ күресі, таеквондо және басқа да спорт түрлерінде айтарлықтай нәтижелергеқол жеткізді.

Олимпиадалық резервті дайындауорталығының тәрбиеленушілеріхалықаралық жарыстарда медаль жеңіп алды:    

• Дзюдо: Гүлхан Шыңғысхан-ЕуропаКубогының иегері, ӘселРусланова-Еуропа Кубогының күмісжүлдегері, Інжу Жұмажан-Қазақстанчемпионы, Аниса Ибатолла-Қазақстанчемпионатының күміс жүлдегері, ДанаӘбдірова — жастар арасындағыҚазақстан чемпионы.    

* Бокс: Бекхан Оразбаев, МансурАмантай-кіші жасөспірімдер арасындағыАзия чемпиондары, Жандос Алпысбаев— жасөспірімдер арасындағы Қазақстанчемпионатының қола жүлдегері, АртурЖарбулов-жастар арасындағы Қазақстанчемпионатының күміс жүлдегері.     

* Таеквондо: Бекет Болатұлы-жастар арасындағы Қазақстан чемпионы, «Азиябалалары» халықаралық жарысында 3орын, Әмір Өтемұрат, ЗейнепАзаматқызы, Бағытжанқызы Нұрайлым— Қазақстан чемпиондары.     

* Жүзу: Дарья Чеснокова, ДмитрийСафронов — Қазақстан чемпиондары.    

* Су добы: Қазақстан чемпионатындакомандалық 3 орын.    

* Байдарка мен каноэде есу: ЕвгенийРусаков — Азия және Қазақстанчемпионы.

img 4552

Спорттағы дарынды балаларға арналғаноблыстық интернаттың спортшыларытаеквондо мен дзюдоданчемпионаттарда, халықаралық жәнереспубликалық турнирлерде жүлделіорындарға ие болды. Таеквондо, бокс,еркін күрес және дзюдодан «ҚазақстанРеспубликасы спорт министрінің кубогы»жарысында команда 10-шыжалпыкомандалық орынға ие болды.Таеквондистер: Парасат Болат, ЗинеденТабисов, Дастан Қадырғали, МәдиЖайберген, Бекжан Бақытжанұлы —чемпиондар мен жүлдегерлер,республикалық және халықаралықтурнирлердің жетістіктерін ерекше атап өткен жөн. Дзюдодан Асылхан Мәлік,Марғұлан Жұмабай, Әлихан Пауеден,Темірлан Сұңғатов, ал еркін күрестенЖанарыс Орбисин және басқаларерекшеленді. Жұмыс істеп тұрған спортмектептері аясында Атырау облысындаүстел теннисі, шахмат және қазақ күресібойынша бөлімшелер ашылды. Ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамыту жәнежетілдіру үшін «Ұлттық спорт түрлерібойынша клуб» коммуналдықмемлекеттік мекемесі құрылды. 

Спорт кешендерінің құрылысы

Бүгінгі таңда Атырау облысында 783спорт нысаны жұмыс істейді. Халықтыспортпен шұғылдануға тарту үшінауылдық елді мекендерде спорткешендері мен спорт алаңдарысалынуда. Ауылдық округтерде спортнұсқаушыларының штаттық бірліктеріенгізілді. Сондай-ақ, спорт мектептеріндеолимпиадалық спорт түрлері бойынша секциялар ашылады.  Биыл АтыраудаХипоселокта, Ақсайда, Тасшағылда,Жасқайратта, Мақат кентінде спорткешендері пайдалануға берілді. Бес спортнысанының құрылысы аяқталуда: Исатайауданында Х. Ерғалиева ауылында,Атырауда Дамба және Жаңаталапауылдарында, Құрманғазы ауданындаНұржау ауылында және Жылыойауданында Құлсары қаласында. Бұдан басқа, қазіргі уақытта Құрманғазыауданында Сафон, Сүйіндік, Жұмекен,Көптоғай ауылдарында, Қызылғоғаауданында Қарабау, Қоныстану, Сағызауылдарында, Исатай ауылында,Махамбет ауданында Таңдай ауылындажәне Мақат ауданында Байгетөбе ауылында он жаңа спорт кешенініңқұрылысы жүргізілуде. Бұлнысандардың құрылысы 2025 жылыаяқталады деп жоспарлануда. Бұлшаралар өңірдің спорттықинфрақұрылымын дамытуға жәнехалықтың физикалық денсаулығынжақсартуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ететін бұқаралықспорт үшін жағдай жасауға бағытталған.

img 4553

Облыста спорттық инфрақұрылымменқамтамасыз етудің жалпы көрсеткіші1000 адамға шаққанда 62% құрайды.Өткен жылы спортпен үнеміайналысатын азаматтарды қамту 44%құрады. Өткен жылмен салыстырғандакөрсеткіш 3,8%-ға немесе 31 мың 632адамға артты. Биыл спортты дамытуға 22210,0 мың теңге бөлінді. Барлық бөлінгенқаражат игеру сатысында. Алайдакөктемгі су тасқынына байланысты кейбір іс-шаралар өткізілмеді.Пайдаланылмаған қаражат бюджеткеқайтарылды.

Аружан Ажимкулова

Аударған Амандық Сағынтайұлы

img 4554

Фото: автор және ӨКҚ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button