Қазақстан келесі жылы Парижде өтетін олимпиада ойындарына ресми түрде шақырту алды

9985 Спорт

Әлемдегі 206 Ұлттық Олимпиада комитетінің 203-і ХОК-тан шақырту алды, деп хабарлайды atr.kz Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

 Халықаралық Олимпиада комитеті ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне Париж-2024 ХХХІІІ Олимпиада ойындарына қатысуға ресми шақыру жіберді. Алайда ресми шақырту Ресей мен Беларусьтің, сондай-ақ Гватемаланың Олимпиада комитеттеріне жіберілмеді. Айта кетейік, 26 шілдеде атаулы спорт шарасының құрметіне Парижде ХОК президенті Томас Бах пен Париж-2024 жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің президенті Тони Эстангуэнің қатысуымен салтанатты шара өтті.

2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Франция астанасы Парижде 2024 жылдың 26 ​​тамызы мен 11 қыркүйегі аралығында өтеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз