Рахия Молдашева – қол күресінен 3 дүркін әлем чемпионы!

img 20220920 wa0005 Спорт

Махамбет ауданынан шыққан қарапайым қазақ әйелі, қол күресінен 3 дүркін әлем чемпионы Рахия Молдашева осы жылдың мамырында Азия чемпионы атағын алды. Енді ол 27 қыркүйек – 5 қазан аралығында Түркияда өтетін кезекті әлем чемпионатына дайындық үстінде, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алғашында аудандық жарыстан жеңіс тұғырынан көрінген Рахия Молдашева облыстық чемпионаттан да, Өскемен қаласында өткен республикалық ардагерлер арасындағы спартакиададан да жүлделі оралады. Кейін Азия чемпионатында 6 рет, әлем чемпионатында 3 рет өзінің мықтылығын мойындатқан.

-Бүгінде армрестлинг деп атауын өзгерткенімен қол күресі қазаққа жат емес. Республикалық сайыстан жүлдемен оралғаннан кейін облыстық құрама сапына қабылданып, кәсіби бапкер Сергей Передистыймен жаттықтым. Үлкен додаларда қарсыластар да осал болмайды. Дегенмен қазақ спортшыларының қанында бар қайсарлықты, рухты ешбір елдің кәсібилігімен салыстыруға болмайтынын әлем чемпионатына барғанда түсіндім, деді Р.Молдашева.

Рахиядан жеңіліс тапқан америкалық спортшы да «Азат» радиосына берген сұхбатында оң қолмен де, сол қолмен де күш сынасудан алдына жан салмайтын қарсыласының бойындағы күштің тумысынан берілген қайрат екенін айтыпты.

Рахия Молдашева 2 ұл мен 2 қыздың анасы. Ана жолын жалғаған кіші қызы Кәмшат самбо күресінен Қазақстан чемпионы атанған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз