Жарнама
Спорт

Жүзден жүйрік шыққандар

Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ОҚУ ЖЫЛЫН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ОЗЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРМЕН БАСТАДЫ. УНИВЕРСИТЕТТІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ I КУРС СТУДЕНТІ ҚАРШЫҒА АБДРАХИМ ПОНТЕВЕДРА ҚАЛАСЫНДА ЕРЕСЕКТЕР, КАДЕТТЕР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ГРЭППЛИНГ СПОРТЫНАН ӨТКЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.

Айтулы додада төрт кездесу өткізген ол Қырғызстан, Армения, Испания балуандарымен жекпе-жек өткізіп, айқын басымдылықпен ұтты. Жауырыны жерге тимеген жерлесіміз биыл өтетін Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанып, келесі жылы өтетін әлем чемпионатында бақ сынауды көздеп отыр.

Ал, дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының II курс студенті Нұрбек Кенжебай Чехияның Пардубице қаласында каратэден өткен әлем чемпионатында 60 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған болатын.

Бұдан бөлек, осы кафедраның I курс студенті Аңсаған Қазбек пен II курс студенті Аружан Жандарбай самбо күресінен жастар арасында Арменияда ұйымдастырылған әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

 Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы — ректор Саламат Идрисов спортшыларды құттықтап, Қаршыға Абдрахим мен Нұрбек Кенжебайға университет грантын табыстап, сәттілік тіледі.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button